Приемная:
+7(727)299-24-02
Бухгалтерия
+7(727)269-67-59
Версия
для слабовидящих
07
ноябрь
2019

"Жасөспірім және заң" дөңгелек үстел.

"Жасөспірім және заң" дөңгелек үстел.


07.11.2019ж күні Құқық негіздері пәні бойынша құқықтық тәрбие негізінде 9 «Ә» сыныбында  "Жасөспірім және заң" дөңгелек үстел өткізілді.


Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру- адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ,  құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты


 Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
 
 

Дөңгелек үстел барысында бірнеше тақырыпта мәселелер талқыланды:
 І .Құқық туралы жалпы түсінік 
 ІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
 ІІI. Мен заңды қаншалықты білемін?
 ІV. Заңсыз арал
 
 Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.


 Бірінші мәселе бойынша құқық туралы түсінік айтылып өтті
 Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
 Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
 Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
 Екінші мәселе  «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) туралы түсіндірілді 
 Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
 1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
 2. Кім қалай бұзды ?
 3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? 
 Үшінші мәселе «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» әрбір оқушы өз ойымен бөлісті
 1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
 2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
 3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді
 Соңғы мәселе бойынша “Заңсыз арал” тақырыбы бойынша балаларға түсінік берілді
 - Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? 
 Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық. 
 
 

Дөңгелек үстелімізді қорыта келе Ж. Аймауытов айтқандай: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.