Приемная:
+7(727)299-24-02
Бухгалтерия
+7(727)269-67-59
Версия
для слабовидящих
» » "Абай дана, Абай дара қазақта" әдеби кеші / Мероприятия на тему "Абай дана, Абай дара қазақта"
23
февраль
2024

"Абай дана, Абай дара қазақта" әдеби кеші / Мероприятия на тему "Абай дана, Абай дара қазақта"

"Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой" - демекші бүгін оқушыларымыз Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті он күндігіне орай өткізген "Абай дана, Абай дара қазақта" атты кеште қазақтың бір ғасырда бір туылатын, қазақтың данасы Абайдың өмірінен, Абай поэзиясынан сыр шертті.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Мерекелік кеште 7-9 сынып оқушыларынан құралған хор көрермендерді Абайдың әндерімен сүйсіндірді.
Өскелең ұрпақ – өміршең ұлттың тірегі. Бүгінгі әдеби кешті жоғарғы деңгейде өткізгені үшін Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті әдістемелік бірлестігіне және оқушыларымызға алғыс айтамыз. 
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!  Оқушыларымызға ұлттың тірегі, Абайдай данасы болуға және өмірде өз орнын табуға тілектеспіз.