Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті: «Функционалдық сауаттылық және PISA: білім беру жетістіктеріне қадамдар»
26
март
2025

Бүгін мектебімізде қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті: «Функционалдық сауаттылық және PISA: білім беру жетістіктеріне қадамдар»

Бүгін біздің мектебімізде «Функционалдық сауаттылық және PISA: білім беру жетістіктеріне қадамдар» атты қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті.
Семинар барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, функционалдық сауаттылықты дамыту, инновациялық әдістерді енгізу және мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету тақырыптары талқыланды.
Біздің мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары: Мартемьянова Н. В., Кенжегалиева Д.Н., Дунина Ю. В., Кондратова Е. В., Ожанова Д. Ж., Благодатская А. В. және Чаева А. К. жас мұғалімдерге арналған тренингтер өткізді, өздерінің үздік әдістемелік тәжірибелерімен және практикалық кеңестерімен бөлісті. Қатысушылар тек пайдалы ақпарат алып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, жаңа шабыттандыратын идеяларға ие болды.
Семинардың негізгі тақырыптары:
✅ Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
✅ PISA зерттеуі және оқушылардың оқу сауаттылығы
✅ Релакс-терапия бағдарламасының элементтерімен танысу: «Өзіңе қамқорлық»: «Мұғалім ресурста: күш пен мотивацияны қалай сақтауға болады?»
✅ Жаңа технологиялар мен цифрлық құралдарды қолдану арқылы математикалық сауаттылықты арттыру

Семинарға белсенді қатысқан барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!

Сегодня в нашей школе прошел городской методический семинар-практикум «Функциональная грамотность и PISA: шаги к образовательным достижениям».
В ходе семинара обсуждались актуальные вопросы в сфере образования, такие как развитие функциональной грамотности, внедрение инновационных методик и психологическая поддержка педагогов.
Опытные педагоги нашей школы: Мартемьянова Н. В., Кенжегалиева Д.Н., Дунина Ю. В., Кондратова Е. В., Ожанова Д. Ж., Благодатская А. В и Чаева А. К провели обучающие методические формы тренингов для молодых учителей города, поделились своими лучшими методическими наработками и практическими советами. Участники не только получили полезную информацию, но и обменялись опытом, а также нашли новые вдохновляющие идеи для своей работы.
Ключевые темы семинара: 
✅ Развитие функциональной грамотности учащихся начальных классов через использование информационных технологий в проектной деятельности»
✅ PISA зерттеуі және оқушылардың оқу сауаттылығы
✅ Знакомство с элементами программы релакс-терапии «Забота о себе»: «Учитель в ресурсе: как сохранять силы и мотивацию?»
✅ Повышение математической грамотности с использованием новых технологий и цифровых инструментов.
 
Благодарим всех участников за активное участие и ценный обмен опытом!