Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлы Жеңістің мұрагерлері" атты аудандық жоба аясында біздің оқушылар мен мұғалімдер М. Горький атындағы саябаққа барды
21
март
2025

"Ұлы Жеңістің мұрагерлері" атты аудандық жоба аясында біздің оқушылар мен мұғалімдер М. Горький атындағы саябаққа барды

Ұрпақтар сабақтастығы – Мәңгілік жад!
Біздің оқушылар мен мұғалімдер Алматы қаласындағы М. Горький атындағы саябаққа барды. Бұл – халқымыздың тарихында ерекше орын алатын қасиетті жер. Дәл осы жерде, 1941 жылдың 22 маусымында, Жұмабай Шаяхметов еңбекшілер митингінде сөз сөйлеп, халықты Жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға шақырды. Оның жалынды сөзі саябаққа жиналған 25 мың адамның зор қолдауына ие болды.
Бұл сапар "Ұлы Жеңістің мұрагерлері" атты аудандық жобаның бір бөлігі болды. Жобаның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Жылдар өтсе де, бұл оқиғалар ұмытылмайды. Тарих сабақтарын естен шығармай, ата-бабамыздың ерлігін құрметтеп, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. 
Қатысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз!

Память, которая объединяет поколения!
Наши ученики и учителя посетили парк имени М. Горького в Алматы – особенное место в истории нашей страны. Именно здесь, 22 июня 1941 года, на митинге трудящихся выступил Жумабай Шаяхметов с призывом к мобилизации всех сил для Победы. Его слова вдохновили 25 тысяч человек, собравшихся в парке, и были встречены бурными аплодисментами.
Эта поездка стала частью районного проекта "Наследники Великой Победы", который направлен на сохранение исторической памяти и патриотическое воспитание молодежи.
Проходят десятилетия, но память о тех событиях жива. Важно помнить уроки истории, чтить подвиг наших предков и передавать эту память следующим поколениям.
Благодарим всех, кто принял участие!