Қауіпсіздік – бәрінен маңызды! Безопасность превыше всего!
Мектебімізде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мектеп инспекторы Кокилова Айнұр Жалғасбайқызының қатысуымен маңызды профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған кездесуде жол қозғалысы ережелері түсіндірілді. Балалар жолды қалай дұрыс кесіп өту керек екенін, жол белгілерінің маңызын және абай болудың қажеттілігін білді.
Орта және жоғары сынып оқушыларына инспектор «Мопедтер мен электросамокаттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жолда жүру ережелері, қорғаныс құралдарының қажеттілігі және жол ережелерін бұзған жағдайда болатын жауапкершілік туралы айтылды.
Мұндай кездесулер балалар мен жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді. Мазмұнды әрі пайдалы әңгіме үшін инспекторға алғысымызды білдіреміз!
В нашей школе прошли важные профилактические беседы с участием школьного инспектора по безопасности дорожного движения — Кокиловой Айнур Жалгасбайкызы.
Для учащихся начальных классов была проведена беседа, посвящённая правилам дорожного движения. Дети узнали, как правильно переходить дорогу, почему важны дорожные знаки и зачем нужно быть внимательными на дороге.
Для учеников средних и старших классов инспектор провела разъяснительную работу на тему «Безопасность при использовании мопедов и электросамокатов». Были обсуждены правила передвижения, необходимость защитных средств и ответственность за нарушение правил дорожного движения.
Такие встречи способствуют формированию у детей и подростков ответственного отношения к безопасности на дороге. Выражаем благодарность инспектору за содержательную и полезную беседу!
