12
май
2025
9-сыныптардың қорытынды аттестациясы/Итоговая аттестация 9 классов
9 -сынып оқушылары үшін:1) Математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2025 жылғы 29 мамырда;
2) Қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2 маусымда;
3) Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы 5 маусымда;
4) Орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2025 жылғы 10 маусымда;