Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2025

Соңғы қоңырау - 2024-2025 Последний звонок - 2024-2025

Бүгін мектебіміздің ауласында ең әсерлі әрі толқынысқа толы шаралардың бірі — Соңғы қоңырау салтанатты түрде өтті. Бұл күн — қуаныш пен қимастық, арман мен үмітке толы ерекше сәт болды.
Бітіруші түлектерді ұстаздар, ата-аналар мен бастауыш сынып оқушылары шын жүректен құттықтады.
Салтанатты жиынды мектеп директоры ашып, түлектерге жүрекжарды тілегін арнады.
Мектеп парламентінің президенті мен түлектердің ата-аналары тебірене сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.
Көңілді атмосфера сыйлаған 3-4-сынып пен 9-сынып оқушыларының флешмобы, сондай-ақ 7-сынып оқушыларының биі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал түлектер вальс биімен қоштасып, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдірді.
Соңында мектеп ауласында соңғы қоңырау үні шалынып, түлектер жаңа өмірге қанат қақты.
Барша түлектерімізге жарқын болашақ, сәттілік пен шабыт тілейміз!
Қанаттарың талмасын, армандарың асқақ болсын!
 
Сегодня во дворе нашей школы состоялось одно из самых трогательных и волнительных мероприятий — торжественная церемония Последнего звонка. Этот день стал особым моментом, наполненным радостью и лёгкой грустью, мечтами и надеждами.
Выпускников от всей души поздравили учителя, родители и младшие школьники.
Торжественную часть открыл директор школы, пожелав выпускникам светлого пути и успехов.
С проникновенными словами выступили президент школьного парламента и родители выпускников, пожелав им счастливого будущего.
Настоящую атмосферу праздника создали флешмобы учеников 3-4-х и 9-х классов, а также танец от 7-го класса, которые вызвали бурные аплодисменты зрителей.
Выпускники попрощались со школой под звуки прощального вальса, выразив искреннюю благодарность своим учителям.
В завершение прозвучал символичный последний звонок, ознаменовавший начало новой взрослой жизни.
Всем нашим выпускникам желаем светлого будущего, удачи и вдохновения!
Пусть ваши крылья не устанут, а мечты всегда будут высокими!