Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2025

Білім күні Педиатрия институтында

Бірінші сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институтында Білім күнін атап өтті!

Балалар үшін керемет мереке ұйымдастырылды: әндер, билер, ойындар және көптен күткен алғашқы қоңырау соғылды!
Балалар қуанышқа бөленіп, жаңа оқу жылына ерекше көңіл-күймен қадам басты.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институты КММ №70 мектеп ұжымына әрдайым ұйымшыл, креативті және шынайы еңбектері үшін шын жүректен алғыс білдірді
Ата-аналар да өз кезегінде ұстаздарға көрсеткен қамқорлығы, сүйіспеншілігі және еңбектері үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Балаларға деген қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін үлкен рақмет!