Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде Отбасы күніне арналған квест өтті
11
сентябрь
2025

Мектебімізде Отбасы күніне арналған квест өтті

Бүгін КММ №70ЖББМ мектепте ерекше мереке өтті – Отбасы күніне арналған «Әке, ана және мен – бақытты отбасы» атты отбасылық квест ұйымдастырылды.Шараның шымылдығы Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызының жүрекжарды лебізімен ашылды.
Бұл квестке әрбір отбасыдан әке, ана және бала қатысып, нағыз бірліктің, ынтымақ пен мейірімнің үлгісін көрсетті.
- Қатысушылар бірнеше қызықты станциядан өтті:
1. «Эрудит» 
2. «Дәрумен»
3. «Шеберхана»
4. «Ғажайып әлемі» 
5. «Чемпион» – эстафета 
Әр станциядан өткен соң, отбасыларға конверттер берілді. Соңында оларды ашып, пазлдан өздерінің отбасы суретін құрастырды. Ал суреттің астында бүгінгі квесттің тақырыбы жазылды:
«Әке, ана және мен – бақытты отбасы». 
Бұл шараның басты мақсаты – отбасыларды біріктіру, олардың шын мәнінде бір команда екенін сезіндіру. Әрбір қатысушы бір-біріне қолдау көрсетіп, қуаныштарын бөлісті

 Сегодня в КГУ ОШ №70 прошёл особенный праздник – семейный квест, посвящённый Дню семьи «Папа, мама и я – счастливая семья». 
В этом квесте приняли участие папа, мама и ребёнок от каждой семьи, показав настоящий пример единства, согласия и тепла.
- Участников ждали несколько интересных станций:
1. «Эрудит» 
2. «Витаминка» 
3. «Мастерская»
4. «Мир творчества»
5. «Чемпион»
После прохождения каждой станции семьи получали конверт. В финале они открыли их и собрали пазл с фотографией своей семьи. А под фото была надпись – тема сегодняшнего квеста:
«Папа, мама и я – счастливая семья». 
Главная цель мероприятия – объединить семьи и показать, что семья – это одна команда. Каждый участник поддерживал друг друга и делился радостью