Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі апталығы аясында интеллектуалды ойын өтті
10
октябрь
2025

Ағылшын тілі апталығы аясында интеллектуалды ойын өтті

Бүгін мектебімізде ағылшын тілі декадасы аясында өте көңілді әрі танымдық интеллектуалды ойын өтті! Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері – ұйымдастырушылар:
Mrs. Айпери Чынгызбекқызы
Miss Сабина Сәкенқызы
Miss Салтанат Асхаткызы
Оқушылар бес айналымнан тұратын сайыста өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті:
- Елтану – ағылшын тілі елдері туралы сұрақтар;
- Жұмбақтар – логикалық ойлау мен тапқырлық;
- Грамматика – тіл білімін тексеру;
- Музыкалық шоу — ең көңілді және ерекше раундтардың бірі болды!
  Бұл кезеңде қатысушыларға әнді эмодзилер арқылы табу тапсырмасы берілді.
- Жоба қорғау – 5 минут ішінде өз идеясын таныстыру.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ерекше әсер қалдырды. Әр қатысушы назардан тыс қалған жоқ. Оқушылар топтарға бөлініп, жеке және командалық тапсырмалар орындады.
Әр қатысушы өз қабілетін көрсетіп, белсенділік танытты.
Бұл шара оқушылардың ағылшын тілінен алған білімдерін жоғары деңгейде көрсетті!
Осындай қызықты іс-шаралар балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, өзара ынтымақтастық пен достықты нығайтады