22
январь
2026
"«QADAM» оқырман клубында екінші шығарманы талдау сәтті өтті"
Клуб мүшелері кезекті оқырман кездесуінде екінші кітапты жан-жақты талдап, шығарманың мазмұны мен идеясына, кейіпкерлер жүйесіне және автор көтерген негізгі мәселелерге ерекше назар аударды. Талдау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беріп, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу еркін форматта өтіп, пікірталас, сұрақ-жауап және топтық талдау жұмыстары ұйымдастырылды. Әр қатысушы кітаптағы маңызды тұстарды атап, оларды өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарасын дәлелдеуге тырысты. Бұл жұмыс оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып, көркем мәтінді түсініп оқуға деген қызығушылығын күшейтті.
На очередной встрече участники клуба подробно обсудили вторую книгу, уделив особое внимание её содержанию и идее, системе персонажей и ключевым проблемам, поднятым автором. В ходе анализа учащиеся свободно высказывали своё мнение, оценивали поступки героев и делились личными впечатлениями от прочитанного. Встреча прошла в свободном формате с элементами дискуссии, вопросов и ответов, а также групповой работы. Каждый участник отметил значимые моменты произведения, попытался связать их с жизнью и аргументировать собственную точку зрения. Такая работа способствовала развитию критического мышления и повысила интерес учащихся к осознанному чтению художественной литературы.