Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 000 оқушының бір мезеттегі күйі – ел тарихындағы жаңа жетістік
17
март
2026

11 000 оқушының бір мезеттегі күйі – ел тарихындағы жаңа жетістік

Бүгін «Almaty Arena»-да Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобы өтті 🌿
Қаланың барлық ауданынан жиналған мыңдаған оқушы ұлттық өнерімізді дәріптеп, домбыраның күмбірлеген үні арқылы халқымыздың рухын, салт-дәстүрін және бірлігін көрсетті. Аренада ерекше әсерлі, шабытқа толы атмосфера орнады.
Ең бастысы — бүгін біздің оқушылар Қазақстан бойынша жаңа рекорд орнатты: 11 000 оқушы бір мезетте домбыра тартып, ел тарихында ерекше орын алатын жетістікке жетті.
Біздің мектептің оқушылары да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жауапкершілік пен тәртіптің үлгісін танытты. Бұл шара – ұлттық құндылықтарды құрметтеудің және жас ұрпақтың рухани тәрбиесінің айқын көрінісі болды.
Барша қатысушыларға, ұстаздарға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз 🤍
Наурыз құтты болсын!

Сегодня в «Almaty Arena» прошёл масштабный детский флешмоб «Домбыра үні», приуроченный к празднованию Наурыз мейрамы 🌿
11.000 школьников со всех районов города объединились, чтобы через музыку передать дух национальной культуры, традиций и единства. Звуки домбры наполнили арену особой атмосферой — живой, искренней и по-настоящему вдохновляющей.
Главное событие дня — наши учащиеся установили рекорд Казахстана: 11 000 школьников одновременно исполнили произведения на домбре.
Наши ученики достойно представили школу, проявили дисциплину, ответственность и уважение к национальному наследию. Это событие стало ярким символом единства и гордости за нашу культуру.
Благодарим всех участников, педагогов и организаторов за этот незабываемый день 🤍