08
май
2026
«Мәңгілік полк» шеруі – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «МӘҢГІЛІК ПОЛК» ШЕРУІ ӨТТІ Бүгін мектебімізде жүрекке терең әсер қалдырған, тағылымы мол «Мәңгілік полк» шеруі ұйымдастырылды. Аталған шараға 1–11 сынып оқушылары қатысып, Ұлы Жеңіс жолында ерлік көрсеткен ата-әжелерімізді, майдангер батырларымызды еске алып, олардың рухына тағзым етті. Іс-шара барысында оқушылар жүрекке жететін патриоттық өлеңдер оқып, батырлар рухына арналған әсерлі жыр жолдарын арнады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. «Адал Азамат» бағдарламасы аясында өткізілген бұл іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыны сақтау, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұмытпау.
СЕГОДНЯ В НАШЕЙ ШКОЛЕ ПРОШЛО ШЕСТВИЕ «БЕССМЕРТНЫЙ ПОЛК» Сегодня в нашей школе состоялось одно из самых трогательных и значимых мероприятий — шествие «Бессмертный полк». В нем приняли участие учащиеся с 1 по 11 класс, чтобы почтить память героев, вспомнить своих дедушек и бабушек, тех, благодаря кому сегодня мы живем под мирным небом.