Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
08
май
2026

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді

9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында мектебіміздің оқушылары, мектеп парламенті және белсенді жастар «Адал Азамат» бағдарламасы аясында ардагерлер мен соғыс балаларына құрмет көрсетіп, алғыс білдіру акциясын өткізді. Оқушылар ардагерлерге және соғыс жылдарының қиын кезеңін көрген жандарға қажетті азық-түлік жиынтықтарын табыстап, қамқорлық пен ілтипат көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, аға буынға құрмет көрсету, Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігін ұмытпау, сондай-ақ мейірімділік, адамгершілік және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Біз батырлар ерлігін ұмытпаймыз! Жеңіс күні құтты болсын!