01
июнь
2026
Жарқын жаздың бастауы: мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын бастады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебіміз жанындағы жазғы лагеріміздің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры Удуримова Шара Сабырқызы барлық балаларды айтулы мерекемен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс пен жарқын жазғы әсерлер тіледі. Сонымен қатар, жазғы лагерьдің ашылғанын жариялап, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды. Ашылу салтанаты ерекше көңілді әрі әсерлі өтті. Балалар ән шырқап, ұрандарын айтып, түрлі шығармашылық нөмірлерін көрсетті. Әр топ өздерінің дайындаған бағдарламаларын ұсынып, өнерлерін ортаға салды. Көңілді ойындар мен қызықты шаралар балалардың шаттыққа толы көңіл-күйін одан әрі көтере түсті. Жазғы лагерьдің алғашқы күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты оқиғаларға толы жаздың жарқын бастамасы болды.
1 июня, в Международный день защиты детей, состоялось торжественное открытие летнего пришкольного лагеря нашей школы.
В ходе праздничного мероприятия директор школы Удуримова Шара Сабыровна поздравила всех ребят с этим замечательным праздником, пожелала им отличного настроения, интересного отдыха и ярких летних впечатлений. Также она объявила летний лагерь открытым и призвала учащихся активно участвовать во всех мероприятиях.
Торжественное открытие прошло весело, ярко и незабываемо. Дети исполняли песни, произносили девизы своих отрядов, демонстрировали творческие номера. Каждый отряд представил подготовленную программу и показал свои таланты. Весёлые игры и увлекательные конкурсы сделали атмосферу праздника ещё более радостной и подарили детям массу положительных эмоций.
Первый день летнего лагеря подарил ребятам отличное настроение и стал ярким началом лета, наполненного интересными событиями, новыми впечатлениями и незабываемыми моментами.