Приемная:
+7(727)299-24-02
Бухгалтерия
+7(727)269-67-59
Версия
для слабовидящих
» » Асханада пісіруге және сатуға рұқсат етілмейтін өнімдер
08
ноябрь
2023

Асханада пісіруге және сатуға рұқсат етілмейтін өнімдер

Асханада пісіруге және сатуға рұқсат етілмейтін өнімдер
Төменде көрсетілген тамақ түрлерін мектеп асханасында дайындауға және
сатуға тиым салынады
•қатық, сүзбе, айранды;
•туралған ет қосылған құймақтарды;
•флотша макаронды;
•зельцтер, форшмактар,сілікпелер, паштеттерді;
•кремі бар кондитерлік өнімдерді;
•тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер ментәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
•морстар, квастарды;
•фритюрде қуырылған өнімдерді;
•шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
•күрделі салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
•окрошканы;
•саңырауқұлақтарды;
•өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдері;
•тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
•газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
•фаст-фудтар:гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
•ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелпек, қыша) рұқсат етілмейді;
Асханада тағам дайындау кезінде пайдалануға рұқсат етілмейтін азық-түлік шикізаттар
•пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
•суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
•ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
•тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
•механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
•құс етінен алынған құрамында коллагенді бар шикізаттар;
•сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
•генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шикізаттарды;
•йодталмаған тұзды және құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны.