«Отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу»
Біздің мектебіміз жалпыұлттық челленджін қолдайды! Бұл бастама – ата-әжелерден «Бата» алудың мәнін дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ отбасылық бірлікті, татулық пен жылы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Оқушыларымыз өз отбасыларымен бірге уақыт өткізіп, ата-аналарымен және үлкендерімен әңгімелесіп, ыстық ықыласқа толы сәттерді бейнежазбаға түсірді. «Бата» – ұлт болашағына бағытталған ізгі тілек, тәрбие мен тағылымның алтын діңгегі. Біз оны қадірлейміз