Мектеп аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды
Таза Қазақстан - таза ел өзімізден басталады! Бүгін №70 мектеп ұжымы республикалық сенбілікке белсене қатысты. Ұстаздар мен қызметкерлер бірігіп, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаның сұлулығына өз үлестерін қосты. Бірліктің арқасында экологияға қамқор болу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін дәлелдедік. Таза мектеп – таза аудан – таза Қазақстан!