Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті
Бүгін №70 мектеп ұжымына бітіруші сыныптар Ұстаздар күніне арналған ерекше мерекелік концерт дайындады. Концерт барысында түрлі ойындар, әсем әндер, хор және қызықты нөмірлер көрсетілді. Оқушылар ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, ардагер-педагогтарға жылы лебіздерін жеткізді. Бұл концерт ұстаздарға деген құрметтің, ризашылықтың айқын көрінісі болып, баршаға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.