«Цифрлық мәдениет – қауіпсіз болашақтың кепілі»
№70 мектеп парламенті оқушылар үшін «Интернеттегі жеке қауіпсіздік» тақырыбында бейнеролик ұсынды. Бейнероликте желіде өзін қауіпсіз ұстау, жеке мәліметтерді қорғау және кибербуллингтен сақтану жолдары түсіндірілді. Мақсат – оқушылардың цифрлық мәдениетін қалыптастырып, интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалануына үйрету. Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!