Приемная:
+7(727)299-24-02
Бухгалтерия
+7(727)269-67-59
Версия
для слабовидящих
» » "Адал ұрпақ" ерікті клубы / Добровольный клуб "Адал ұрпақ"
19
февраль
2024

"Адал ұрпақ" ерікті клубы / Добровольный клуб "Адал ұрпақ"

Алматы қаласыБостандық аудыны № 7орта мектепте   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында  «Адал   ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері   9,10,11-сынып  оқушыларынан  құралған.
     Жыл басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша клуб жетекшісі   Батиханов Берік Ержанұлыбекітілді.   Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. .  Клуб жұмысы үш секция  бойынша жұмыс жасап жатыр:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім;
Ақпарат және  шығармашылық;
Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   Клуб   мүшелері  жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отырды.
Қыркүйек айында-   ”Адал ұрпақ”  бұрышы   мектептің   кіреберіс дәлізіне  орналастырылды . Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне   құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық  сананы, еңбекүйгіштікке,  оқуға,   еңбекке,  өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  әр үш  бағыт   бойынша жұмыстар  атқарылды.
5 сынып оқушыларына “жемқорлық дегеніміз не және пара беру мен оны берудің” қауіпі жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 
 Қазан айында-«Сүіспеншілік- адамның басты қасиеті,  ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі». Мектепішілік арнайы сынып сағаттары өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.
“Жемқорлық індет, індетті жою міндет” тақырыбында 10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл отырыс барысында оқушылар жемқорлықты қалай жою керек және оның алдын алуға қалай болатыны жайлы ой тастады. 
Қараша айында- «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қауіпті көрініс» тақырыбында сынып сағатыөткізілді. Құқықбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы мәселелер қозғалды.
Желтоқсан айында.
  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта   сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.