Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы — Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби шолу!
01
декабрь
2025

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы — Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби шолу!

Мектебіміздің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Бегалин мектебі – Балалар әлемі» атты танымдық шолу өткізілді.

Шара барысында оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның балаларға арналған туындылары туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.

 Іс-шараның мақсаты:
    •    оқушыларды ақын-жазушының шығармаларын оқуға ынталандыру;
    •    кітапханаға жиі келуге, кітап оқуға қызығушылық арттыру;
    •    балалар әдебиетінің құндылығын түсіндіру.

Оқушылар жазушының балаларға арналған әңгімелерінен, ертегілерінен рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды көріп, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қайтты.

 Сапарғали Бегалин мұрасы – жас ұрпаққа арналғын баға жетпес байлық!