17
февраль
2026
№70 мектеп базасында қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті.
Алматыда «ДОСБОЛLIKE: бағдарламадан тәжірибеге – инклюзивті білім беру жағдайында буллингтің алдын алу» атты қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті.
🔹Іс-шараны қалалық Білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар «Қазақфильм» шағын ауданындағы №70 жалпы білім беретін мектеп базасында өтіп, оған педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері, ата-аналар, оқушылар мен инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.
✅Негізгі назар буллингтің алдын алудың басты шарты ретінде мектеп қауымдастығында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыруға және қабылдау мәдениетін дамытуға аударылды.
Семинардың негізгі бағыттары:
Жүйелі тәсіл: Тәрбие жұмысы мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің өзара іс-қимылы.
🔹Тәжірибелік қолдану: Мектептер мен колледждерде «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын енгізу жолдары.
Инновациялар: Қауіпсіз білім беру кеңістігін құру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері.
📌«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жетекші маманы Айзада Асқарова жекелеген алдын алу шараларынан балаға қолдау көрсетудің жүйелі моделіне көшуге бағытталған жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
🖇️Практикалық бөлім:
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай қауіп-қатерлердің алдын алу механизмдерін әзірлеу бойынша топтық жұмыс жүргізді. Ал театрландырылған қойылым балалар арасындағы шынайы мектеп жағдайларын көрсетіп берді.
Іс-шара ата-аналар мен педагогтердің қатысуымен өткен ашық пікірталаспен аяқталды. Онда қақтығыстарды ерте анықтау және оқушыларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
✅Қорытынды: Кездесу соңында кешенді алдын алу бағдарламаларын одан әрі енгізу және мектеп, отбасы мен сүйемелдеу мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігі атап өтілді. Семинар буллингті азайтуға және қаланың білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті нығайтуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңына айналды.