Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “QADAM” оқырман клубының кезекті отырысы: «Гауһар тас» повесін талқылау.
19
февраль
2026

“QADAM” оқырман клубының кезекті отырысы: «Гауһар тас» повесін талқылау.

“QADAM” оқырман клубы | Кезекті отырыс. “QADAM”оқырман клубының кезекті отырысында Дулат Исабековтің «Гауһар тас» повесі кеңінен талқыланды.
Бұл шығарма – адам жанының нәзіктігін, әйел тағдырының күрделілігін және отбасындағы түсіністік пен мейірімнің маңызын терең ашатын туынды. Мектебіміздің директоры Удуримова Шара Сабырқызы  Дулат Исабековтің «Гауһар тас» шығармасын оқып, өз әсерімен бөлісті. Ол бұл туындының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Директордың айтуынша, шығарма – отбасы құндылығы, сыйластық пен жауапкершілік туралы терең ой салатын еңбек.
Әсіресе Салтанат бейнесі арқылы қазақ қызына тән сабырлылық, инабаттылық, төзім мен ішкі мәдениет айқын көрінетінін айтты. Сонымен қатар, кейіпкерлер арасындағы түсініспеушілік бүгінгі қоғамда да кездесетінін тілге тиек етіп, жастарға сезімді бағалай білу, жақын жандардың қадірін дер кезінде түсіну керектігін ерекше атап өтті.
Директорымыз бұл шығарманы оқушыларға тек әдеби шығарма ретінде емес, өмірлік сабақ ретінде қабылдауға кеңес берді. Сонымен қатар мектебіңіздің ұлатты ұстазы Ожанова Дина Жанғазықызы шығарма туралы жан тебірентер сезімімен бөлісті. Дулат Исабековтің «Гауһар тас» повесі – адам жанының терең иірімдерін қозғайтын, оқырманын бейжай қалдырмайтын тағылымды, нағыз қазақ табиғатымен үндес шығарма.
Шыны керек, бұл шығарманы оқығанда еріксіз жанарым жасқа толып, қатты өкінгендей болдым. Қазақ даласы гауһар тастай қымбат Салтанатынан айырылып қалғаны мен үшін үлкен өкініш болды. Бұл – қатаң да мейірімсіз Ыбыш үшін де, зар жылап қалған тілеулес ата-ана үшін де, нәзік жүректі, адал қайын інісі Қайыркен үшін де орны толмас қасірет екені жүректі сыздатады. Өкінішті…
Повесте ауыл өміріндегі қарапайым адамдардың тіршілігі, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы аса шынайылықпен бейнеленеді.