Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2026

25 мамыр – «Соңғы қоңырау» салтанаты

Бүгін 25 мамыр күні мектебімізде жүрекке жылы сезім сыйлаған ерекше мереке — «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. Бұл күн — түлектер үшін мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар маңызды белес.
Мерекелік шара барысында түлектерге, оқушыларға ата-аналар мен ұстаздар тарапынан жүрекжарды тілектер айтылып, ақ жол тілегі білдірілді. Мектеп директоры түлектерге өмірлік маңызы зор, тағылымы мол сөз арнап, болашақтарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали Төреғалиұлы да сөз сөйлеп, жас түлектерге елге қызмет ететін білімді, саналы азамат болуға тілектестігін білдірді.
Кеш барысында мектеп өміріне белсенді араласып, білім мен тәрбие саласына үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналар «AMANAT» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды. Оқушылар мен түлектер өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндер шырқалып, ұстаздарға деген құрмет пен алғыс ерекше сезілді. Әрбір қойылым мерекенің мәнін арттырып, көрермен көңілінен шықты.
Құрметті түлектер! Алдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын! Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиелеріңіз өмір жолында әрдайым серік болғай!