Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған шара!
Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы ақыны, Мемлекеттік әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай «Жұмекеннің жырларымен рухтанған ұрпақ» атты аудандық байқауға мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Жұмақыз Мырзаева қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға танымдық ақпарат ұсынылды. В честь 90-летия со дня рождения классика казахской литературы,