Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын ұлықтау
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани жаңғыруына жол ашқан ұлы кемеңгер. Биыл ұлт ұстазының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – өткен тарихты еске алу ғана емес, Абай идеяларының бүгінгі күнмен үндесіп, әр адамның жүрегіне жол табуының айғағы. Біз Абайдың рухани мұрасынан нәр алып, оның асыл ойларын заманауи өмірге бағыт-бағдар ретінде қабылдаймыз. Әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, адамдық – Абай аманаты. Осы құндылықтарды санамызға берік сіңіре алсақ, Абайды ұлықтау – шын мәнінде