“QADAM” оқырман клубының кезекті отырысы: «Гауһар тас» повесін
“QADAM” оқырман клубы | Кезекті отырыс. “QADAM”оқырман клубының кезекті отырысында Дулат Исабековтің «Гауһар тас» повесі кеңінен талқыланды. Бұл шығарма – адам жанының нәзіктігін, әйел тағдырының күрделілігін және отбасындағы түсіністік пен мейірімнің маңызын терең ашатын туынды. Мектебіміздің директоры Удуримова Шара Сабырқызы Дулат Исабековтің «Гауһар тас» шығармасын оқып, өз әсерімен бөлісті. Ол бұл туындының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Директордың айтуынша, шығарма – отбасы