Наурыз мерекесі аясында оқушылар ұлттық құндылықтармен танысты
1 «А» сынып оқушылары баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Мереке аясында сыныбымызда танымдық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар, «Тұсау кесер» дәстүрін көрнекі түрде сахналады. Тұсау кесер – бала алғашқы қадамдарын жасаған кезде өткізілетін көне дәстүр. Баланың аяғына ала жіп байланып, оны елге сыйлы, өнегелі адам кеседі. Бұл – бала өмір жолы ашық, жүрісі жеңіл, қадамы нық болсын деген ақ