11 000 оқушының бір мезеттегі күйі – ел тарихындағы жаңа жетістік
Бүгін «Almaty Arena»-да Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобы өтті 🌿 Қаланың барлық ауданынан жиналған мыңдаған оқушы ұлттық өнерімізді дәріптеп, домбыраның күмбірлеген үні арқылы халқымыздың рухын, салт-дәстүрін және бірлігін көрсетті. Аренада ерекше әсерлі, шабытқа толы атмосфера орнады. Ең бастысы — бүгін біздің оқушылар Қазақстан бойынша жаңа рекорд орнатты: 11 000 оқушы бір мезетте домбыра тартып, ел тарихында ерекше орын алатын жетістікке