Мектебімізде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш өтті
Бүгін мектебімізде 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Әсем әндер шырқалып, жарқын билер орындалды. Сонымен қатар музыка пәні мұғалімінің сүйемелдеуімен хор ұжымы баян аспабының сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Мектебіміздің ұлдары әскери-қолданбалы дайындық элементтері бойынша көрсетілім жасап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Мерекелік бағдарлама аясында қызықты ойындар ұйымдастырылып,