Бостандық ауданы түлектерінің қайырымдылық жобасы
Бостандық ауданы мектептерінің түлектері қымбат бітіру кештері мен кортеждерден бас тартып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Қайырымдылық көмегі «Жан әлемі» аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған отбасылық оңалту үйіне, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, №2 мамандандырылған сәбилер үйіне және қиын өмірлік жағдайға тап болған көпбалалы отбасына көрсетілді. Түлектер тарапынан балалар ойыншықтары, кеңсе тауарлары, азық-түлік өнімдері және теледидар сыйға тартылды. Осындай