«Солнышко - Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанаты өтті.
"№ 70 ЖББМ" КММ. Бүгін екі аптаға созылған «Солнышко - Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанаты өтті. Іс-шара еліміздің Мемлекеттік Гимнімен ашылып, кейін мектеп директоры Бейсембаева Зауреш Тұрсынбекқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, жазғы демалыстарын жақсы өткізуге тілектестігін білдірді. Шара барысында әр отряд өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көріністер қойды. Балалардың жүзінен шаттық пен қимастық сезімі қатар байқалды.