Лагерьдегі жарқын күн: ойын, достық және қызықты саяхат
Бүгін мектеп жанындағы лагерьде «Маған ойын мен іс-әрекет еркіндігін беріңіз!» атты ойын-сауық күні өтті. Күн балаларды қарсы алудан басталып, көңілді таңғы жаттығу мен салтанатты саптық жиынға ұласты. Тәрбиеленушілер лагерьдің жұмыс жоспарымен танысып, жасақтарда түрлі қызықты тапсырмалар орындады. «Досыңа және өзіңе хат» атты ерекше байқауда балалар өз армандары мен ізгі тілектерін хат арқылы жеткізді. Күннің ең қызықты сәттерінің бірі — балалардың «Аватария» ойын-сауық орталығына саяхаты