Абай ауылына саяхат
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Абай ауылына саяхат» атты танымдық кітап сағаты өтті. Кітапхана меңгерушісі Рахима Ахетқызы балалармен бірге Абай Құнанбайұлы туралы оқылған шығармаларды талқылап, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Жас оқырмандар жайлы әрі еркін ортада кітап оқып, өздеріне ыңғайлы отырып, кейбірі жастыққа сүйеніп, кітап әлеміне терең бойлады. Осындай мазмұнды кездесулер балалардың кітапқа деген қызығушылығын