Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)269-63-21
Есепші бөлімі:
+7(727)269-63-43
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогикалық кеңес: оқу жылының нәтижелері сараланып, жаңа міндеттер белгіленді
28
май
2026
Педагогикалық кеңес: оқу жылының нәтижелері сараланып, жаңа міндеттер
Бүгін, 28 мамыр күні КММ «№70 жалпы білім беретін мектепте» «2025–2026 оқу жылы бойынша мектеп жұмысына талдау» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында оқу сапасының қорытындылары,әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, ҰБТ нәтижелері, тәрбие жұмысының тиімділігі, педагогтердің KPI көрсеткіштері және әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысы талқыланды. Педагогикалық кеңес аясында алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен даму бағыттары айқындалды. Сегодня в КГУ
Бостандық ауданы түлектерінің қайырымдылық жобасы
26
май
2026
Бостандық ауданы түлектерінің қайырымдылық жобасы
Бостандық ауданы мектептерінің түлектері қымбат бітіру кештері мен кортеждерден бас тартып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Қайырымдылық көмегі «Жан әлемі» аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған отбасылық оңалту үйіне, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, №2 мамандандырылған сәбилер үйіне және қиын өмірлік жағдайға тап болған көпбалалы отбасына көрсетілді. Түлектер тарапынан балалар ойыншықтары, кеңсе тауарлары, азық-түлік өнімдері және теледидар сыйға тартылды. Осындай
25 мамыр – «Соңғы қоңырау» салтанаты
25
май
2026
25 мамыр – «Соңғы қоңырау» салтанаты
Бүгін 25 мамыр күні мектебімізде жүрекке жылы сезім сыйлаған ерекше мереке — «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. Бұл күн — түлектер үшін мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар маңызды белес. Мерекелік шара барысында түлектерге, оқушыларға ата-аналар мен ұстаздар тарапынан жүрекжарды тілектер айтылып, ақ жол тілегі білдірілді. Мектеп директоры түлектерге өмірлік маңызы зор, тағылымы мол сөз арнап, болашақтарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының
Директорымыз — «Director’s Cup» жүлдегері
23
май
2026
Директорымыз — «Director’s Cup» жүлдегері
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! @sudurimova Мектебіміздің мерейі үстем болып, директорлар арасындағы II қалалық «Director’s Cup» дебат турнирінде жүлделі II орын иеленді! 👏 Бұл — кәсіби шеберліктің, көшбасшылықтың, білім саласына деген адал еңбектің және жоғары деңгейдегі дайындықтың нәтижесі. Удуримова Шара Сабырқызы @sudurimova Осындай айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға, толағай табыстар мен жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз! 🌟 💐
Мектебімізде сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды
14
май
2026
Мектебімізде сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды
14 мамыр күні мектебімізде оқушылар мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекетке дайындығын арттыру мақсатында жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында эвакуация тәртібі, қауіпсіздік ережелері және жер сілкінісі кезіндегі дұрыс әрекет ету алгоритмдері пысықталды. 14 мая в нашей школе прошла общегородская сейсмотренировка. Обучающиеся и сотрудники организованно эвакуировались через аварийные выходы согласно утвержденной схеме эвакуации. Проведение подобных
Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
08
май
2026
Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында мектебіміздің оқушылары, мектеп парламенті және белсенді жастар «Адал Азамат» бағдарламасы аясында ардагерлер мен соғыс балаларына құрмет көрсетіп, алғыс білдіру акциясын өткізді. Оқушылар ардагерлерге және соғыс жылдарының қиын кезеңін көрген жандарға қажетті азық-түлік жиынтықтарын табыстап, қамқорлық пен ілтипат көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, аға буынға құрмет көрсету, Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігін
«Мәңгілік полк» шеруі – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі
08
май
2026
«Мәңгілік полк» шеруі – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі
БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ «МӘҢГІЛІК ПОЛК» ШЕРУІ ӨТТІ  Бүгін мектебімізде жүрекке терең әсер қалдырған, тағылымы мол «Мәңгілік полк» шеруі ұйымдастырылды. Аталған шараға 1–11 сынып оқушылары қатысып, Ұлы Жеңіс жолында ерлік көрсеткен ата-әжелерімізді, майдангер батырларымызды еске алып, олардың рухына тағзым етті. Іс-шара барысында оқушылар жүрекке жететін патриоттық өлеңдер оқып, батырлар рухына арналған әсерлі жыр жолдарын арнады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алу
«Ойлан, тап!» – мемлекеттік тілді ұлықтаған зияткерлік сайыс
08
май
2026
«Ойлан, тап!» – мемлекеттік тілді ұлықтаған зияткерлік сайыс
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» бағдарламасы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Ойлан, тап!» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін сынға салып, тапқырлықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Әр кезең ерекше қызығушылықпен өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, қазақ тіліне қызығушылығын дамыту. Барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!